Сөзден сөйлем құра

Бұл бетте «Сөзден сөйлем құра» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Байқа!
Миды сына!
Ойлан!
Толған!
Шыда!
Ұқсас ұйқас тауып,
Сөзден сөйлем құра!
Өнер.
Білім.
Ақыл.
Жұмбақ.
Мәтел.
Нақыл.
Ырыс.
Жұғыс
Дұрыс.
Қалыс.
Алыс.
Жақын.
Өнер, білім – ырыс,
Ақыл, нақыл – жұғыс,
Жұмбақ, мәтел – дұрыс.
Кітап.
Қағаз.
Қалам.
Адам.
Маман.
Тағам.
Берді.
Көрді.
Ерді.
Маған.
Саған.
Оған.
Маман оған ерді,
Саған адам келді,
Оған тағам берді.
Балға.
Тақтай.
Шеге.
Желкен.
Қайық.
Кеме.
Қақты.
Батты.
Жатты.
Қайда?
Қашан?
Неге?
Балға қашан қақты?
Тақтай қайда жатты?
Қайық неге батты?
Байқа!
Миды сына!
Ойлан!
Толған!
Шыда!
Ұқсас ұйқас тауып,
Сөзден сөйлем құра!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері