Кім айта алады?

Бұл бетте «Кім айта алады?» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ал, ортаға тұрайық,
Ойын-сауық құрайық.
Не он ұлдың есімін,
Не он қыздың есімін,
Жылдам айтып шығайық.
Айгүл,
Жанар,
Нағима,
Нұргүл,
Самал,
Бағила.
Бақыт,
Шынар,
Зейнегүл,
Оныншысы –
Сағира.
Болат,
Самат,
Бауыржан
Қанат,
Манат,
Қадіржан,
Ермек,
Серік,
Аманжол,
Оныншысы –
Ғалымжан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері