Телефон әліппесі
Бұл бетте «Телефон әліппесі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Телефонда орнатқан
Тоғыз-ақ сан болады.
Сол тоғызы жан-жақтан
Жылдам хабар алады.
Нөл – бірді алып көрсеңіз,
Шыққан өрттен қорғайды.
Нөл — екіні терсеңіз,
Тәртіп бұзар болмайды.
Нөл – үшті алсаң, күйінбе,
Жедел жәрдем заулайды.
Нөл — төртті алсаң, үйіңде
Газдың иісі қалмайды.
Телеграф – нөл — алты,
Досқа лебіз арнайды.
Нөл — жетіңіз шалғайға
Шұғыл сәлем жолдайды,
Төмен түспей еңсеңіз
Болса кімнің керегі,
Нөл – тоғызды терсеңіз,
Түгел айтып береді.
Атқарады телефон
Тоғыз ұлдың міндетін.
Сырын білген жөн екен,
Хабарласса кімде-кім.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі