Бір әріптен бастайық
Бұл бетте «Бір әріптен бастайық» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асықпайық, саспайық,
Қиындықтан қашпайық!
Қай әріптен бітсе сөз,
Сол әріптен бастайық.
Ата деймін ендеше,
Ана деймін ендеше,
Аға деймін ендеше,
Апа деймін ендеше,
Ара деймін ендеше,
Ала деймін ендеше,
Асық деймін ендеше,
Қасық деймін ендеше,
Қалақ деймін ендеше,
Қазақ деймін ендеше,
Қарапайым ендеше,
Малақайым ендеше,
Машақаты ендеше,
Ынтымақты ендеше.
Тоқтап тұрмай жалғастыр,
Тағы қандай сөз келсе.
Кәне, қарап тұрмаңдар,
Сөзді сөзбен жалғаңдар!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі