Бір әріптен басталған

Бұл бетте «Бір әріптен басталған» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қауын, қарбыз, қарақат,
Қаймақ, құймақ, қуырдақ,
Қымыз, қатық, қымыран,
Қазы, қарта, қызылша,
Құйрық, қарын, құрт, қаспақ.
Шекер, шұбат, шие, шай,
Шабақ, шортан, шорағай,
Шыжық, шұжық, шытырлақ.
Жамбас, жалпақ жауырын,
Желке, жеңсік жілікмай.
Жуа, жусай, жая, жал.
Бұрыш, бұршақ, бүлдірген,
Бауыр, бүйрек, бас пен бал.
Інжір, іркіт, ірімшік,
Не керектің бәрі бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері