Тауып бер!
Бұл бетте «Тауып бер!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
– Мынау карта.
Қазақстан – алып ел,
А әрпінен басталатын
жеті қаланы тауып бер.
– Алматы, Абай, Атырау мен Астана,
Ақтөбе, Ақтау және Арқалық – жас қала.
– Дұрыс екен.
Жүлделерін алып кел,
Қ әрпінен басталатын
төрт қаланы тауып бер.
– Қарағанды, Қызылорда, Қостанай,
Қызылжарда табысыпты дос талай.
– Ойланған соң шықса керек анық тер,
О әрпінен басталатын
үш қаланы тауып бер.
– Әрқайсының тарихтағы орны зор,
Орал, Омбы, Орынбор.
– Бәрекелді!
Онда тағы танып көр!
К әрпінен басталатын
үш қаланы тауып бер.
– Төңірегі толып тұрған бақша-бау,
Кентау және Кереку мен Көкшетау.
– Үш қала бар
Шыққан биік белеске,
– Түркістан мен Талдықорған
және Тараз емес пе?
– Ө әрпінен басталатын өскелең
Бір қала бар.
– Ол, әрине, Өскемен.
Бір қала бар, қасында оның кен қазған.
Ол, мен білсем, Жезқазған.
– С әрпінен басталған бір қала бар,
Сол қаламен көкжиегім кеңейді.
– Олай болса, көрсетейін Семейді.
Ш әрпінен басталған бір қала бар
Арылмаған дос-жардан,
– Ол шырайлы Шымкент шаһары
Ш әрпінен басталған.
– Толып жатыр тағы басқа қалалар,
Атын жаттап, біліп алғын, балалар!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі