Қақ
Бұл бетте «Қақ» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(мағынасын тап)
Апам жеміс ектіріп,
Өрік, алма қақтырды.
Баппен тіліп,
Кептіріп,
Дәмі балдай қақ қылды.
Жауын жауды сіркіреп,
Жұрт үйіне шақ кірді.
Күн ашылды.
Кілкілдеп
Жол бойына қақ тұрды.
Үйге кірген қонаққа
Нұсқады апам нақ төрді.
Қарбыз әкеп,
Заматта
Ортасынан қақ бөлді.
Мағынасы әртүрлі
Күл дегенде білсем жастай,
Мәз болған соң күлемін.
Күл дегенде, күлді баспай,
Төкпей-шашпай жүремін.
Айта алатын кім болса да,
Сөздің өзі сан қырлы.
Естілуі бір болса да,
Мағынасы әртүрлі.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі