Билеп алды бойымды бір сезім

Бұл бетте «Билеп алды бойымды бір сезім» атты Аяжан Тоғаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Билеп алды бойымды бір сезім
Сондай нашар жағдайда осы кезім.
Ойымнан кетесің бе, әлде жоқ па?
Осы бір сезімді сен де сезін.

Ойымнан кетпей қойдың күні-түні
Тыңдағым келе берді жүрек үнін.
Бірте-бірте жүрегім белгі беріп,
Әрине, бар деді бұның да бір жөні.

Қара торының сымбаттысы, орта бойлы
Мінезі байсалды, көрікті, жүйрік ойлы
Сенің күлімдеген жүзіңді, Құдайым-ау
Ойымды бір адамға байлап қойды.

Сондай әдемі күлімдеген жүзің
Тұңғиық мөлдіреген қара көзің.
Ақыл, көрік, мінез қоса келіп,
Жан-жүрегіме керегі бір өзің.

Осы сезім бойымды билеп алды,
Мені жерден алып, жерге салды.
Сүйіп қалдым сені, енді қайтейін?
Бір бейнең ойымнан кетпей қалды.

Махаббат осы бір індет сияқты
Саған бұны айту мен үшін ұятты.
Түсіме кірген нұрлы күлкің сенің
Жүрегімді біраз уақыт қинапты.

Жүрек қағысы адамға не демейді,
Сені көргенде іш-бауырым елжірейді.
Ғашық отына қызуланып кетсем-дағы,
Саған есалаңдай көрінгім келмейді.

Апыр-ай, ұяламын, қызарамын сені көргенде,
Сенің маған деген қызығушылығың сөнген бе?
Үркітіп алдым ба сендей аппақ таза қоянды
Бұның бәрі өзімді аш қасқырға теңегеннен бе?

Қалай сүйіп қалдым сені, білмеймін
Сенен басқаны ойыма да ілмеймін.
Айтшы, жаным, маған жан сырыңды
Уәде берем, бетіне қарап күлмеймін.

Шыдадым, әлі де мен шыдаймын
Шыдамасқа, басқа не істеп қылайын.
Сырттай өзгеге сені қимай тұрсам да,
Іштей өзімді сүймеймін деп алдаймын.

Ғашық екенімді көрсетудемін саған
Жүрегіме болшы сен жалғыз қаған.
Сенде маған деген сезім бар ма?
Өтінемін, жауабыңды берші маған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер