Өмір дейтін ұғым бар
Бұл бетте «Өмір дейтін ұғым бар» атты dianatulenbek жазған өмір туралы өлең берілген.
Сен мен білетін өмір дейтін ұғым бар,
Жеңілістер мен жеңістерден тұратын.
Шын бақытты іздегендер қаншама,
Ол бақытқа жеткендері азғана.
Жалған сөзге еріп кеткен көздері,
Шындықты мүлдем көргісі де келмейді.
Өз өмірін түсінбейтін пенделер,
Кінәні ылғи өзгелерден іздейді.
Ойланып көрші, мынау қысқа жалғанда,
Не жеткізер арман менен мақсатқа?
Қиындыққа мойымайтын қайсарлық,
Қазір қайда, кім біледі, үнсіздік...
Әр жүректің өз арманы, бағы бар,
Сүрінгендер қайта тұрып жүгірер.
Жеңілгендер жеңіске де ұмтылып,
Үміт оты қайта лаулап, жағылар.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі