Үйрек

Бұл бетте «Үйрек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2237
Таллин.
Балтық вокзалы іргесінде
Медальдай көл әлі күн тұр есімде.
Жағасын көріп ем қарияны
Ала қоңыр июльдің бір кешінде.
Онша назар аудармай жиын-көпке,
Тұрып еді ол жем тастап бір үйрекке.
Күнде кеште шықпайтын осы көлден
Жабайы құс үйренген сый-құрметке.
Жаутаң қағып жас үйрек жар басына,
Баратұғын бір сүңгіп шал қасына.
Құс шіркіннің көңілін қайтармауға
Қол салатын қария қалтасына.
Жалғанғандай достықтың жібі мықты,
Бір-бірінің шал мен құс тілін ұқты.
Құс та болса дариға сезеді екен
Жақындықты, жақсылық, жылылықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйрек өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Үйрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері