Бұл бетте «Үйрек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таллин.
Балтық вокзалы іргесінде
Медальдай көл әлі күн тұр есімде.
Жағасын көріп ем қарияны
Ала қоңыр июльдің бір кешінде.
Онша назар аудармай жиын-көпке,
Тұрып еді ол жем тастап бір үйрекке.
Күнде кеште шықпайтын осы көлден
Жабайы құс үйренген сый-құрметке.
Жаутаң қағып жас үйрек жар басына,
Баратұғын бір сүңгіп шал қасына.
Құс шіркіннің көңілін қайтармауға
Қол салатын қария қалтасына.
Жалғанғандай достықтың жібі мықты,
Бір-бірінің шал мен құс тілін ұқты.
Құс та болса дариға сезеді екен
Жақындықты, жақсылық, жылылықты.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі