Шопан тойында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Шопан тойында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2210
Шопаным! Доссың сен бізбен,
Өзіңе аян ой-сырым.
Өлеңді жайып өргізген
Өзіңдей менде қойшымын.
Ұйытқан сені жырау боп,
Қиссадай ұзақ түз желі.
Шашыңа түскен қырау боп,
Боранды қыстың іздері.
Жүресің дауыл өтінде,
Алаңсыз қыс пен жазың жоқ,
Бедері жердің бетінде
Жазылып қалған әжім боп.
Табиғат тағы дегенмен
Тағыны жеңдің төзіммін.
Тербейсің жерді өлеңмен,
Көктемде жайып қозы үнін.
Сеземін сенен жел лебін,
Сеземін сенен күн демін.
Шабытқа бөлеп еңбегің
Шарқ ұрып өтті түндерім.
Шопаным! Доссың сен бізбен,
Өзіңе аян ой-сырым.
Өлеңді жайып өргізген
Өзіңдей менде қойшымын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері