Ыстық
Бұл бетте «Ыстық» атты Nurtas_k11 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тек өзіңе байланысты тағдырым,
Оған дәлел - жадырады жан бүгін.
Күліп тұрмын, бақыттымын, себебі
Ұмыттырдың қиындықтың барлығын!
Жақындауға дәтің бармай, ұялып,
Таяп қалсаң есім кетер жиі ауып.
Көзің жерде, өзің келдің аяңдап
Қалай ғана кете аласың қия алып?
Мені көріп, дегендейін “өмір - сіз”!
Жадырады айдай жүзің, көңілсіз.
Күлім қаққан көздеріммен сөйлесіп
Сағындың-ау, құшақтадың сен үнсіз.
Сен кетерде секілденіп дертті адам,
Саябырсып, шарасыз жан боп қалам.
Қадамың тұр “кездесерміз әлі”-деп
Жанарың тұр “кетпе, жаным”-деп маған.
Еркелеген сайын маған ұнаған,
Жадыратты жанымды кеп бір адам.
Әлемдегі теңдесі жоқ сұлулық
Құшағыма сыйғанына қуанам.
Жан-тәнімді жансыз қылған ұшқыны,
Таппадым мен махаббаттан күштіні!
Келер күнгі кездесуге жетсе екен,
Кеудем құшқан құшағыңның ыстығы!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі