Бұл бетте «Окоп» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
3893
Қарасуық уілдеп,
Жерді жапқан жұқа қар.
Қыс лебінен дірілдеп,
Бұғып қалған бұталар.
Бақсылардай сарнап тал,
Бірде аңдай ұлиды.
Келе жатыр солдаттар
Арман етіп жылы үйді.
Жолдың шеті түйілмей,
Келеді түн өткенше.
Асықты олар үйіндей
Окоптарға жеткенше.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі