Госпитальдар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2255
Жалынмен жанып,
Дауылмен ағып,
Көшті таңдар.
Дала қуысында,
Қала бұрышыңда
Тұрды айнала госпитальдар.
Шулады сыртта
Жел-өзендер.
Сүңгіді бұлтқа
Ашық күн - терезелер.
Түндерде жара ауырлап,
Құтырып қағынды өлім.
Тұрды өмір қарауылдап
Басында жауынгердің.
Жаралы тұрды үміт,
Жатты оған ем істеп ел.
Ажалды жүрді қуып
Ақ қанат періштелер.
Таусылып алатын дем,
Жатқанда жанып достар,
Желпіді қанатымен
Қарлығаш - қарындастар.
Күлкісіз күндер,
Ұйқысыз түндер,
Көшті таңдар.
Үміттің ұясындай
Тұрды сонда
Госпитальдар,
Госпитальдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Госпитальдар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Госпитальдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Госпитальдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Госпитальдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері