Өмір

Бұл бетте «Өмір» атты Бибасарова Нұрсәуле жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір
Талай асу белес астым,
Талай тасты қопардым.
Кей жерлерден сүрініп,
Тұрып тағы сыналдым.

Сондада шаршаймын бұл өмірден,
Әлденеңнен бетке күлген сезімінен.
Барлық жанның өтірік сөздерінен,
Ту сыртымнан келіп соққан қанжарынан

Шаршаймын тағдыр тартқан әйнектерден,
Күліп тұрып жылаған кездерімнен.
Қанша ауыр болсада күліп тұрар,
Жақсы көрем сол қуан көздерімді.

Дәл қазір мен шаттанам бір өзімнен
Себебі мен ризамын бір өзіме
Қанша қиын сәттерде мойымайтын
Ризамын мен қазіргі бұл өмірге


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер