Діріл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Діріл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2037
Дірілдейді таулардан
Атылып тас бұлақтар.
Дірілдейді жағада
Жайқалып жас құрақтар.
Дірілдейді шырақтай
Алыста аспан жұлдызы.
Дірілдейді сынаптай
Таң алдында су жүзі.
Тұрамын мен дірілін
Дүниенің бақылап.
Алмайды көз шырымын
Құс ұйқылы жапырақ.
Сол дірілден жыр туып,
Сол дірілден гүл шығып
Дүниеге бұлқынып
Тарағандай тіршілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Діріл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Діріл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Діріл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Діріл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері