Көк түріктердің жорық жыры

Бұл бетте «Көк түріктердің жорық жыры» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1083
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі, ажалымыз қайдан-дүр!
Шалкиіз жырау

...Баста бізді, бөрі-Ене!
Теріскей белден тер ақсын,
Күнгей белден ақсын қан!
Шаһитсіз кеткен талайдың
Сүйегін Жер де жатсынған...
Отыздағы мылжыңдар көлденеңдеп жолыма,
Қырықтағы қылжыңдар ербелеңдеп сорыма,
Он жасымда сауал ұрттап, сегіз перен Ой ұштап,
Он үшімде он екі тұтам жай ұстап,
Он бесімде құрама ер салдым тоқпақ жалды
торыма!..
Дулығасы бұлтқа жетіп шарт сынған
Бұлан да бұлан, бұлан Ер!..
Бұландыкөлде айқаста Тәңіріге өзін тапсырған,
Уай, біздің Ерлердің күні батқан жоқ!
Қызыл жібек шымқай жамылып,
Қыз-қыз керуен тірлікте
Ар-ұяты ала жіпке таңылып,
Алтын тақ үшін Ата салтын сатқан жоқ!
Жатпасы үшін қарт шежіре
Қайтара бізге тас атып,
Тобылғы түбі тосатып,
Қорамсақ қорын босатып,
Арсылан жауға тимемсе,
Отына кектің күймемсе,
Ел үшін жанымыз құрбандық, жамбасымыз
жерге тигенше!
Ұлдарымызды үзеңгілеріне құл ғып байламақ,
Қыздарымызды қызыл жайламақ...
Атаңа нәлет көп дұшпан тағы да келер жақындап!
Уай, қабылан Ерлер,
Қапылда,
Тәңір отындай лапылдап,
Сайын даладағы сансыз мақұлық
Қызыл у желді олай да бұлай сапырып,
Соңымыздан бірге жосыла,
Тиейік жауға ақырып!
Кесілген басы төбе боп тауымның
шетін толтырсын,
Шашылған қаны өзен боп көлімнің
бетін толтырсын!
Шаһитсіз кеткен талайдың
Сүйегін Жер де жатсынған.
Теріскей белден тер ақсын,
Күнгей белден ақсын қан!
Біз әзірміз!
Баста бізді, бөрі-Ене!..
Ей, кесір жау, кесір жау,
Тұманды тауда ет қақтап,
Күмәнді Түзде дәт қақтап,
Шынжырлы сауыт киісіп,
Бөрітектес Оғландар астана жұртыңа қырғын
тиісіп!..
Арғымақтар белін талдырып,
Асқынған арам қаныңа адырдың шөлін қандырып,
Адыра қалған тәніңді Ай сәулесіне қыңсытып,
Көрерміз сенің жүзіңді,
Кесілген басыңды ер қасына алдырып!..

13. 04. 2010ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк түріктердің жорық жыры өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Көк түріктердің жорық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк түріктердің жорық жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк түріктердің жорық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері