Теңіз тамшысы – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Теңіз тамшысы» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 6336
Судың атқып аспанға тамшылары,
Найзағайдай қайтадан шаншылады.
Бір тамшыда кешкі күн батуымен
Бір қабысқан жанатын таң шырағы.
Бір тамшыда бар бояу басын қосқан:
Сарғылт жаға,
Көк теңіз,
Жасыл аспан.
Теңіз шебер жатқандай алқа жасап,
Жеті түсті ғажайып асыл тастан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Ләззат

Өте керемет жазылған екен
Осындай ата бабаларымыздың дәл қазір жоқ болғаны өте өкінішті.

Осы автордың басқа өлеңдері