Адам қуаты
Бұл бетте «Адам қуаты» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлақтар таудан құйылса,
Күлкісінде сен барсың.
Ормандар жазда шайқалса
Жапырағында сен барсың.
Толысып егін дән жайса
Топырағында сен барсың.
Аспанда оттар жағылса
Сәулесінде сен барсың.
Әлемде бүкіл сен барсың,
Сенсіз жоқ өмір бұл жерде,
Сен отсың қара түндерге,
Жер дүниені жылытқан
Адамсың жалғыз күн жерде.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі