Бұл бетте «Соқпақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2417
Аралап ойды, дөңесті,
Соқпақтар сансыз таралған.
Кейбірі тартып көмескі
Келеді көне заманнан.
Көрсетіп жолды ағында
Мұхитта жатыр мың соқпақ.
Тек айға соқпақ салынбай
Тұрды адам қанша жыл тоқтап.
Құшағын енді Ай ашты,
Қиын да болмас баруға.
Не жетсін бірақ алғашқы
Соқпақты салған адамға.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі