Бұл бетте «Биік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2872
Желпіп жаздың гүлдері,
Күн күледі нұр құйып.
Жетелейді ілгері
Бір биіктен бір биік.
Тұнған сыры тұңғиық
Шықсам шыңға асыға,
Тағы да алдан бір биік
Шақырады басына.
Талай қиын жолды аса,
Ұмтыламын мен өрге.
Сол биіктер болмаса,
Қалғандаймын төменде.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі