Алтынсарин-қазақтың жарық шамшырағы (Ыбырай атамызға арнау)

Бұл бетте «Алтынсарин-қазақтың жарық шамшырағы (Ыбырай атамызға арнау)» өлеңінің мәтіні және толық мазмұны берілген.

Алтынсарин-қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин-елімнің алтын бағы.

Алтынсарин-мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып,алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан бабамызды,
Алтынсарин-даланың қоңырауы.

Алтынсарин-ел үшін соққан жүрек,
Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.
Қалың қардың жібіткен мұз денесін,
Алтынсарин-аңқылдақ алтын күрек .

Денесі оның Тобылдың жағасында,
Мүсіні тұр Қостанай қаласында.
Ыбырай бұлағының мөлдір суы,
Шүпілдейді білімнің шарасында.

Сол сумен егін егіп, мал суардық
Жыр жазып,дала жайлы ән шығардық.
Сол сумен қаталаған шөлді басып,
Шығып тұр қазағымның даусы анық.

Сол судан мейірі қонып барлық халық,
Өмірден өз орынын тапқаны анық.
Алтынсарин-ұлы ұстаз ұлағатты,
Алтынсарин-ұлтыма ұлы жарық!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер