Жаңбырдан соңғы кеш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жаңбырдан соңғы кеш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3086
Жаңбыр өтті жүгіріп,
Орнында бірақ қалды бұлт.
Теректер шашын жуынып,
Шулайды бұлақ жарды ұрып.
Қоңырайған тау түсі,
Өкпелеген адамдай.
Келсе де бұлттың жауғысы,
Тұр енді қайта жауа алмай.
Айтатын оған сөз мынау:
Жанатын болсаң бір-ақ жан,
Жауатын болсаң бір-ақ жау,
Дүниеде осы бір-ақ заң.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері