Қауырсыннан жеңілмін

Бұл бетте «Қауырсыннан жеңілмін» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қауырсыннан жеңілмін,
Қорғасыннан ауырмын.
Өлім – Шыңы Өмірдің,
Шың-Бейнеңді сағындым.
Сау тәнімнен ығамын,
Бейне бездей шошыған.
Қайтсем шыңға шығамын –
Қатарыңа қосылам?!
Жылаңқы үнім жетер ме,
Қаймананың бірімін?!
Жаным шықпай,
Бекерге
Қор қылды ғой, құлыным.
Қапыда алған қайғы-мұң,
Езіп күн-түн еңсемді –
Асыл күйден айныдым,
Демім бітпей өлшеулі...
...Құзарыңа тамсанып
Қарай берсем – болғаны:
Өзіме өзім қол салып,
Күпір болу – қалғаны!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері