Бостандық көші
Бұл бетте «Бостандық көші» атты Ұларбек Нұрғалымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Дүние жүзі қазақтарының 4-құрылтайында бейресми отырыстарда оқылған жыр)
Исі алаштың арманы болып,
Ғасырлап күткен азат күн.
Талайын естен шығарғаны рас,
Қаймана көрген азаптың.
Алайда, бүгін мен саған арнап,
Ауыр да, жеңіл сөз айтам,
Қазақстаным - жер бетіндегі,
Жалғыз отаны қазақтың!
Буынсыз тілім бұралаңдамай,
Жүректе жатқан сөзімі айт.
Шет жақта жүріп, шет қақпай көріп,
Шерменде болған кезімді айт.
Өз елімде де өзгеден төмен,
Өмір кешетін өзімді айт.
Сырт жақта әлі жаутаңдап жүрген,
Қандасым - қара көзімді айт.
Іледей жөңкіп, ертістей толқып
Ағарын жалғап қоса алмай,
Көкірегіндегі сағыныш толы,
Буырқанып жатқан сезімді айт.
Сан ғасырлдардан әлі бітпестен,
Сарпалдаңға оны салған көш,
Қапыда жауы, қара нарының
Бүйдасын кесіп алған көш.
Белдің астында ботасы боздап,
Жете алмай әлі жүр неге?
Бостандық іздеп, көңілді зары,
Көзінің жасы тамған көш.
Азаттық үнін естігенде алғаш,
Сәждеге кетіп көшеде,
Еңкілдеп жылап, еңіреп жеткен,
Халифа атамнан қалған көш!
Кеңсірігімді самалға тосып,
Сағынышқа удай ашыттым,
Дүря киген дүня жалған,
Көңілімді неге жасыттың?!
Алпыс да екі тамырымның қанын,
Тықыршыттым да тұлпардай,
Туым қадалған тұғырлы мекен,
Өзіңе қарай тасыттым.
Алламның салған махаббаты бар,
Жұдырықтай мына жүрекете,
Қоңыр таулардай қойыны жұмбақ,
Қоңыр қазаққа ғашықпын!
Сүйемін, сөйтіп...
Қайғысын көрем не түрлі,
Һәм көрем сенің өзгеге кеткен өшіңді.
Зобалаң жылдар
Даладай дархан көңілімен,
Бауырыңа басып өсірдің кірме, жетімді.
Қайран Отаным қазағың неге шетте жүр?
Кенесарының кесілген басы секілді!
Алай да дүлей ұйтқиды дауыл ішімде,
Бәрібір айтам, сен түсін мейлі, түсін бе.
Әй, неге рас батырларымның басы жоқ,
Оспанның бассыз денесін көрем түсімде.
Бассыз халықты басынбайтұғын жан бар ма,
Бес күндік жалған өтер-кетер арманда.
Ертеңің үшін еңіреп туар ұлдардың,
Езіледі ішің елдің сыртында қалғанға!
Тас қамалдарда талауға түскен тағдыры,
Көп елдің әлі көкейде жатыр зар-мұңы.
Босағаң төрдей бостандық желі аңқыса,
Бейопа күннің бостандық екен бар құны!
Амандығыңыды Алладан сұрар ағайын,
Қазақстаным - бүкіл қазақтың жалғызы!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі