Киелі атамекенім
Бұл бетте «Киелі атамекенім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Киелі атамекенім –
Бауыр басқан ұямдай,
Қорқып қалш-қалш етемін,
Адам түрімді қия алмай.
Хақтың жолын қаладым,
Аулақ қашып күнәдан.
Қамдап қару-жарағын,
Баламды атқан жүр аман.
Қылмысынан құтылып,
Кердең-кердең етеді –
Парақор ит құтырып,
Түбімізге жетеді.
Көксоққырдың айласы-ай,
Сан қиянға салады –
Шіркін, қалай сайма-сай,
Заманына амалы?!
Менің тірі күнімнен
Күні ілгері өлгеннің.
Жаны сірі сіңір ме ем,
Қайтіп шыдап келгенмін?!
Жарық нұры жалғанның
Жалғыз ұлдан қымбат па?!
Осынша уақыт алдандым
Мағынасыз сұңғатқа!
Енді, несіне тайынам,
Тірлігінен түңілдім –
Артық тілсіз хайуан,
Тексізінен Бүгіннің!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі