Кешемін бе
Бұл бетте «Кешемін бе» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешемін бе,
Кермін бе,
Түбімді аршып қазамын:
Өлуін –
Сен өлдің де,
«Өлеңін» мен жазамын.
Өксіп өмірім бұғынды,
Шейіт кеппен шендесіп.
Сен кешетін ғұмырды,
Обал болды-ау,
Мен кешіп.
Тағдыр тосын зарлатты,
Бармағымды тістедім.
Сен ішетін шәрбатты,
Қылмыс –
Менің ішкенім.
Сен баратын жерлерге,
Қара басты,
Мен барып –
Орта жаска келгенде,
Іш дәретін қамданып...
Сен көретін кызықты
Не бетіммен көремін?!
...Ойбай,
Ойым бұзықты –
Ұлым,
Қашан өлемін!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі