Бәрі
Бұл бетте «Бәрі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәрі –
Өзіңнің әмірің:
Тууы мен өлуі.
Қолыңда тұр,
Тәңірім,
Алудың да беруі.
Бір мен емес шығармын.
Қабыл хайыр кесесі.
Мыңға татыр Мұнардың
Кіммен толар есесі?!
Жылап тұрып сұрадым,
Тілегімді бер-сана?!
Сұрап тұрып жыладым,
Көз жасымды көр-сана!
Алатындай ырқымды
Ұлым жатқан мұздай көр.
Берер болсаң –
Шырқымды,
Шаттығымды бұзбай бер?!
Үрлеп ішеді емес пе,
Ауызы күйген қашанда?!
Түсе алмаймын егеске,
Қарасармысың?! –
Қасарма!
Беріштеніп,
Бекініп,
Таязсынып,
Тартынба?! –
Өгіздейін өкіріп
Қалар болсын артымда!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі