Құранның аят-сөзіндей
Бұл бетте «Құранның аят-сөзіндей» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құранның аят-сөзіндей
Қыран-бейнеңді қорыдым.
Соқырдың шыққан көзіндей –
Үңірейеді орының...
Жел тигізбедім жүзіңе,
Өтінен жырақ ұстадым.
Табынтып
Бақұл ізіңе –
Баяндап бақыт құшпадың?!
Күн түсірмедім қорғалап,
Жанымның шуағын түсірдім.
Қарағым-дап,
Қалқам,
Қарға-лап,
Ұяңнан ылажсыз ұшырдым.
Мұнартып,
Кеттің келмеске,
Жазылмай кеңге құлашың.
...Ажал-ит
Қорыған жерге өш пе,
Білгенің айтшы расын?!.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі