Мұнар
Бұл бетте «Мұнар» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұнар,
Мұнар,
Мұнарым...
Қиял еңбегі ойылып,
Тәңірден таупық сұрадым –
Тоба қылдым да
Тойынып.
Тойындым...
Тойдым –
Май қапқан
Сүбесіне қалың қайғының.
Зығырданымды қайнатқан
Талант шұрайынан айныдым.
Сорымды сопақ астауға
Сорпаша құйды сапырып –
Артығымды сылып тастауға
Астыртын алқа шақырып...
Сілемді тастай қатырған
Тағдырымнан таза жерідім.
Кепті ішім ақын атымнан –
Тірі күнімдегі кебінім.
Төтеннен тамұқ отына
Қанат-құйрығым шарпылып –
Күн туды текті затыма,
Тереңі түптен тартылып.
Таусылып...
Тықыр таянды,
Аясыз асыл азбас па?!
Болсын деп ақырым баянды
Боздаумен шалдым бозқасқа!
Тауқымет төрінде шолжайып,
Төзімнің қарыны жарылды.
Құранымды оқып,
Қол жайып,
Құрадым жоқтан барымды.
Жүрегім –
Қасірет құрбаны –
Қан құсқан құбыжық сезімсіз.
Өлімнің Бесік-Құндағы –
Өткен Өмірім –
Өзіңсіз!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі