Тарылуда заманым

Бұл бетте «Тарылуда заманым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тарылуда заманым,
Таусылуда амалы:
Демі біткен ауаның
Үрпінен у тамады.
Үптеді індет ғаламды,
Күдікке үрей артылып.
Ағын суды зар алды,
Аяқ-қолы тартылып.
Тау бүрісіп бөріктей,
Құты қашқан дала – арық.
Мұзданады өліктей
Аспан көзі аларып...
Тіршілік қан күседі,
Алданар түк қалмады.
Жүрегіме түседі –
Жұмыр Жердің Салмағы!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері