Ажал – мешкей-тосының
Бұл бетте «Ажал – мешкей-тосының» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ажал – мешкей-тосының
Ұлымды алды –
Шошыдым.
Өлі де емес,
Тірі емес –
Бейдауамын осы күн:
Дәрменімді құрытып,
Бауырымды ірітіп,
Қарынымды ақтарды,
Ішегімді шірітіп;
Қос өкпемді туырып,
Бүйрегімді қуырып
Жеді...
Жеді –
Шикідей
Жүрегімді суырып!..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі