Тар кетекке тығылды
Бұл бетте «Тар кетекке тығылды» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тар кетекке тығылды
Сағы сынған сұңқар-құс...
Зарлап,
Шаққан мұңымды
Естимісің,
Мылқау-күш?!
Шарадайын басымды
Айналдырдың шақшаға.
Шықпай жаным ашынды –
Жұбатарлық жоқ шама!
Қайғым көнбей билікке,
Қашырды бақ-құтымды...
Ер қанаты – жүйрікке
Артсам ба екен бұтымды?!
Ат үстінде – ой алаң,
Күн қағады бетімді –
Өлі ұйқымнан оянам,
Қайта туған секілді?!
Қазан ұрған жыр-бағым
Қараң қалу тиіс пе?!
Тәннің жыртқыш-тырнағын
Салсам ба жас иіске!..
...Сом балғаның астына
Түскен қара төстеймін.
Албастың шын басты ма,
Турасын айт –
Не істеймін?!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі