Барар жерің сенің де

Бұл бетте «Барар жерің сенің де» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Барар жерің сенің де,
Барар жерім менің де –
Көппен көрер Ұлы Той –
Асықпайық Өлімге?!
Жауар бұлттай үдеріп,
Күркіресіп,
Күңіреніп –
Қашан жөнеп кеткенше –
Ойналық та күлелік?! –
Құйрық-жалы күзелген
Ақбозына тірліктің:
Мінелік те түселік,
Түселік те мінелік!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері