Айқасты ата дұшпандай

Бұл бетте «Айқасты ата дұшпандай» атты Иран-Ғайып жазған ата туралы өлең берілген.

Айқасты ата дұшпандай,
Жолайырықта кезігіп –
Жат қиянға ұшқандай,
Жылы ұядан безініп...
Марту басып маңайды,
Түк көрмейді көздері –
От-тілімен жалайды
Жалын қапқан сөздері.
Тауысардай амалын,
Басқа әлемге бас бұрмай
Шоқ қарыған табаның
Үсті менен астындай.
...Айды құшқан күнсініп,
Бір денеге айналып –
Демігеді тұншығып,
Жанығады жайланып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері