Ұшты қимас бақыты
Бұл бетте «Ұшты қимас бақыты» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұшты қимас бақыты
Баян жайын бетке алып
Қайран алтын уақыты
Қаңылтырдай тоттанып.
Өмірдей –
Құр ауада
Қалды асылып білегі –
Қайғырады һауана,
Қан жұтады жүрегі.
Сүйіп,
Құшып,
Өртеніп,
Көрген түстей жоғалды.
Зар кешеді,
Дерт еміп
Қалды...
Қалды!
Не қалды?!
Қалды –
Көзден тамған жас –
Дүниенің ең қызығы –
Сәтін салмай жалғанбас
Қу тірліктің үзігі!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі