Даритын-ақ уытпын
Бұл бетте «Даритын-ақ уытпын» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Даритын-ақ уытпын –
Жан дертіне,
Дариға...
Іштен шыққан суықтың
От-жалыны қари ма?!
Құдіреттің қай күші,
Нендей сиқыр осында:
Дүниенің бар қайғысы
Менің бақыр басымда!
Күні туды ит-қорлықтың,
Болды ақыры дегені.
Зомбылықтың-зорлықтың –
Мойынымда – көгені.
Тоқпағына – тоямын,
Көкірегімде қыжыл тұр.
Кісенде – қол-аяғым,
Құр сайрайды қызыл тіл.
Жазғанымды қаралап,
Шындық көзін жоғалтты.
Жүрегімді жаралап,
Жалғызыма оқ атты...
Зарлап өту – салты ма,
Гомер кетіп,
Пушкин кеп?!
...Абай туып –
Артыма
Алаң қылар ешкім жоқ!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі