ӨШПЕС ІЗДЕР
Бұл бетте «ӨШПЕС ІЗДЕР» атты Азамат Төре жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаңа күнді, айтшы, қалай бастайын,
Көріп қалсам, көзімді алып қашпайын.
Бір-ақ көріп ұнатып ем кезінде,
Өртенген соң өкінішке баспайын.
Бақытты шақ келмеске кеткен бе еді,
Жүрек шіркін тек өзіңді күткен бе еді?
Жаным саған ғашық болып жүргенде,
Бақыт деген бізге қонып өткен бе еді?
Арамызға салып суық күздерді,
Тағдыр қайта кездестірді біздерді.
Сол баяғы алғаш көрген мекенде,
Іздеп тұрдық өткен өшпес іздерді.
Махаббаттың өртіне мен күйген ем,
Алау болып, тек өзіңді сүйген ем.
Қалдырдың-ау қор қып мені ортада,
Сенің суық кеткеніңнен жүдеп ем.
Әлі күнге сені ойлап жүремін,
Түстерімде жиі сені көремін.
Алғашқы сол тәтті, ыстық сезімді,
Қалай ғана ұмытамын, білмедім.
«Сүйемін» деп баурап алдың жанымды,
Сөндірдің де асқақ атқан таңымды.
Сенімімді сетінетіп, сен менің,
Өзге жанға айырбастап бағымды...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі