Уайымын жегенім

Бұл бетте «Уайымын жегенім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Уайымын жегенім –
Кәрі құртаң, жас бала.
Елім, жұртым дегенім –
Атылған оқ шошқаға...
Қалған көңіл кірімін,
Көзге түрткі ұдайы.
Байқалмайды бірінің
Сөз ұғарлық сыңайы.
Азған кетіп бетімен,
Шарқаяғы, шаласы.
Ләппай, бейім шетінен –
Құл болуға санасы.
Бай туғансып жарлыдан,
Жалғыз атын сояды.
Астам шықса алдынан,
Артын тоса қояды –
Жөгі жорта өкініп,
Жер тепкілеп жылайды –
Өмір сүріп өтірік,
Хақтан қаділ сұрайды!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері