Тағдыр-ит талады
Бұл бетте «Тағдыр-ит талады» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағдыр-ит талады:
Қаным – екі ұртында.
Жазылмас жаралы –
Ішім де,
Сыртым да.
Құм құйды қолқама,
Келтірмей келеге.
Жасым – жер ортада,
Ғұмырым – күн төбеде.
Тірлігім – тірі өлім,
Не айтам тас-өмірге?!
Табанымда – жүрегім,
Жаным – иегімде.
Қарығып,
Қарманып,
Мұнартқан сөнді үміт –
Аз барға алданып,
Көп жоққа көндігіп!
...Болдым шын масқара,
Тайқиды пешене –
Көңілім – басқада,
Көздерім – көшеде...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі