Қырықтан үздім күдер
Бұл бетте «Қырықтан үздім күдер» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырықтан үздім күдер...
Елудемін,
Құдай басқа не салса –
Көнудемін.
Өмір сүрдім деген тек атым ғана,
Күн санап көмілуде –
Өлудемін.
Жазылмас жара салып жүрегіме,
Ұл кетті мәңгіліктің түнегіне –
Құрғады көзім жасы жылай-жылай,
Өшердей жан-шырағым міне, міне..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі