Опасыз екен
Бұл бетте «Опасыз екен» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Опасыз екен...
Кім білген –
Дүниесі түскір есілді?!
Аһ ұрып,
Іштен тындым мен –
Шөгеріп тірлік-көшімді!
Тамшы сіңбейтін тәніне,
Мен де – бір,
Құлпытас та – бір.
Өмірімнің мазмұн-мәні ме –
Топырағы торқа... жас қабір?!
Тепкілеп допша,
Басымды
Бұтыма тыға беремін.
Көретін көзден жасырды –
Көңіл алтынын өлеңім...
Түгендеп тағдыр есебін,
Қайғы семізін асатып –
Хайуанша ғұмыр кешемін,
Ас ішіп,
Аяқ босатып!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі