Өмірімнің алды – қыс

Бұл бетте «Өмірімнің алды – қыс» атты Иран-Ғайып жазған табиғат туралы өлең берілген.

Өмірімнің алды – қыс...
Жеуге бөліп мені екі
Қайғы-мешкей салды күш,
Сен құтқардың, темекі.
Талан-бағым қырсығып,
Ұзын едім, қысқардым:
Түтініңе тұншығып,
Тамұғыңа ысталдым...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері