...Аяғым жоқ

Бұл бетте «...Аяғым жоқ» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Асан-Қайғыша)

...Аяғым жоқ,
Қолым жоқ –
Жыландай боп күн көрем.
Құйрығым жоқ,
Жалым жоқ,
Құландай боп күн көрем.
Ұланым жоқ –
Ұлым жоқ,
Мұнарым жоқ –
Күнім жоқ...–
Көп жоғымды түгендеп,
Түгесіліп жоқтаумен –
Өле-өлгенше ішімнен
Тынардай боп күн көрем!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері