Таңғы тыныштық

Бұл бетте «Таңғы тыныштық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 8624
Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт,
Дүние демін алып қалды жатып.
Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға
Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып.
Киіктің тұяқтары дұрсілдемей,
Қалғыды ұясында құс үндемей.
Алаңсыз табиғатты отырғызып
Тыныштық суретке түсіргендей.
Аялап таңның осы тыныштығын,
Таратып көкжиекке нұр ұшқынын,
Келеді алтын сағат көтеріліп,
Бастауға кең әлемнің жұмыс күнін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы тыныштық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Таңғы тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері