Шажырқайыңды жөргемдеп
Бұл бетте «Шажырқайыңды жөргемдеп» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шажырқайыңды жөргемдеп,
Сый-табаққа салдым жаядай –
Бақытсызбын деп көргем жоқ,
Қайғыңды да бердің аямай...
Шарадай басым – шақшадай,
Қиыныңның түсіп қиыны.
Жалғызымды жалмап – боқшадай
Ажалдың шыққан бүйірі.
Танымай меңіп тұрмысың,
Ақынның қимас несі бар?!
Тұлдырсызбысың, тұлмысың,
Керегі болса – кесіп ал!
Келместей ісім ояға,
Кеудемнен шықпай кұр жаным.
Аяма енді,
Аяма –
Тағдырым,
Саған ризамын!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі