Мен ағаш ектім
Бұл бетте «Мен ағаш ектім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен ағаш ектім:
Бүрлеп,
Көктесін деп,
Тағдырдан
Нақақ нала
Шекпесін деп.
Өссін деп,
Өркендесін,
Гүлдесін деп,
Тірліктің
Тұл екенін
Білмесін деп...
Нұр көмген
Жасыл Әлем –
Үсті-басын,
Кенеттен,
Сол Дараққа
Түсті жасын!
...Бейнесін
Есіме алып
Күй шаламын:
Еңбегі еш те,
Тұзы – сор,
Бейшарамын!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі