Таппай іздеп жоғымды
Бұл бетте «Таппай іздеп жоғымды» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таппай іздеп жоғымды,
Кең дүнием тарынды.
Басып қайғы-тоғымды,
Кімге айтамын зарымды?!
Бұтқа тыққан басымды
Тағдырым бар сұраулы.
Құрғатып көз-жасымды,
Қояр ма екем жылауды?!
Етектегім бұйырмай,
Есі кеткен мекермін.
Екі езуім жиылмай,
Мен де күлер ме екенмін?!
Созсам – қолым жетпейді,
Құзар құшқан Мұнарға...
...Жан –
Алқымды иектейді,
Тәннен –
Безіп шығарға...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі