Көрдей қапас ғаламның
Бұл бетте «Көрдей қапас ғаламның» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрдей қапас ғаламның
Нұр-Демімін:
Күрмеулі
Күрсінулі
Күрделімін.
Дүниетүрлі болмыстың бітіміндей,
Бірде –
Тірі жүремін...
Бірде –
Өлімін.
Тылсымды табиғаттың түріндемін:
Түнмін –
Мен...
Күн де болып күлімдедім.
Ажалдың ақыретін алған киіп,
Өмірдің қысқы кейпі –
Жырым менің!
Жұмбақпын:
Әрі Жоқпын,
Әрі Бармын –
Жанның күйін кешемін...
Жануардың.
Тамырым түптен кесілді,
Жапырағымнан –
Адам ба,
Ағашпын ба –
Танып алғын!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі